Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № С 16-2 "Ақкөл ауданы бойынша 2017 - 2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № С 21-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 мамырда № 6632 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № С 16 - 2 "Ақкөл ауданы бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тірке"у тізілімінде № 6223 тіркелген, 2017 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Ө.Бертілеуов
      Ақкөл аудандық мәслихат
хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының
әкімі
Т.Қ.Едігенов

      17 мамыр 2018 жыл

      "Ақкөл аудандық ауыл
шаруашылығы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Г.Б.Кенжина

      17 мамыр 2018 жыл

      "Ақкөл аудандық жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Р.Ж.Сәдуақасов

      17 мамыр 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады