Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № С 32-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 желтоқсанда № 6977 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 26 ақпандағы № С 36-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 26.02.2019 № С 36-2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. "Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Ақкөл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 27 сәуірдегі № С 2-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5362 тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырдағы аудандық "Ақкөл өмірі" және "Знамя Родины KZ" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы
Н.Калашникова
      Ақкөл аудандық
мәслихат хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі

  Ақкөл аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ С 32-3 шешіміне
қосымша

Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері

I. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақкөл ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3. "Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне (бұдан әрі - Ереже) сәйкес, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асырады.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Ереженің 4-тармағына сәйкес құжаттарды береді.

      Тұрғын үй көмегі құжаттарды берген айдан бастап толық ағымдағы тоқсанға тағайындалады, бұл ретте отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерінің шығындары есепке алынады, мыналарды қоспағанда:

      жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беретін отбасыларды (азаматтарды);

      еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемейтін, күндізгі оқу нысанында оқымайтын, әскерде мерзімді қызмет өтпейтін және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген (медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының қорытындысына сәйкес күтімге мұқтаж тұлғаларға күтімді жүзеге асыратын азаматтардан басқалары) отбасыларды (азаматтарды).

      Аса көтерілген немесе заңсыз тұрғын үй көмегін тағайындауға апарып соқтыратын көрінеу күмәнді мәлімет ұсынған кезде, меншік иесі (жалдаушы) заңсыз алынған соманы ерікті түрде, бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарады.

      5. Уәкілетті орган аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.

      6. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру тиісті қаржы жылына аудан бюджетінде көзделген қаржы шегінде жүргізіледі.

II. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган қолданыстағы заңнамамен анықталған тәртіпте тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептейді.

      8. Тұрғын үй көмегінің мөлшері осы мақсаттарға отбасының (азаматтың) коммуналдық қызметтерге жұмсаған шығыстарының нормалары мен шекті жол берілетін сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

      9. Отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық кірісінің 10 % мөлшерінде:

      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін;

      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.

      10. Жекешелендiрiлген тұрғын жайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтыну белгіленген көлемнің нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бірдей негізде жүргізіледі.

      11. Өтемақы шараларына жататын тұрғын үй көлемнің нормасы бір адамға 18 шаршы метр болып қабылданады. Жалғыз тұратын азаматтар үшін өтемақы шараларына жататын тұрғын үй көлемінің нормасы 30 шаршы метр болып қабылданады.

      12. Жылумен қамтамасыз ету, кәріз, қоқысты шығару және сумен қамтамасыз ету қызметтерін тұтыну жөніндегі шығыстар үшін өтемақы коммуналдық қызмет жеткізушілері ұсынған төлем құжаттарының негізінде алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша төленеді.

      13. Өтемақы шараларына жататын, электр қуатының шығысы нормасына айына бір адамға 101 киловатт/сағат болып қабылданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады