Ақмола облысы Аршалы ауданы Константинов ауылдық округінің Константинов ауылының көшесін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы Константинов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 09 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 сәуірде № 6568 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасынын 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Константинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Аршалы ауданы Константинов ауылдық округінің Константинов ауылының Целинная көшесі Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Константинов ауылдық
округінің әкімі
М.Тугольбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады