2019 жылға арналған Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № а-11/445 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 қарашада № 6862 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, 27-бабының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2019 жылға арналған Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. 2019 жылға арналған Атбасар ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының
әкімі
А.Қалжанов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "23" қарашадағы
№ а-11/445 қаулысына
1-қосымша

2019 жылға арналған Атбасар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

квота мөлшері (%)

1

Жеке кәсіпкер "Жадан"

7

14,3

2

"Халал Астык" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12

8,3

3

"Интер Трайд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

1,25

4

"ХПП Лана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

75

1,3

5

"Нан Абройы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

121

0,8

 
  Атбасар ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "23" қарашадағы
№ а-11/445 қаулысына
2-қосымша

2019 жылға арналған Атбасар ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

квота мөлшері (%)

1

Жеке кәсіпкер "Жадан"

7

14,3

2

"Халал Астык" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

12

8,3

3

"Интер Трайд" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

1,25

4

"ХПП Лана" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

75

1,3

5

"Нан Абройы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

121

0,8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады