Жарқайың ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 маусымдағы № А-6/161 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 маусымда № 6694 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 28 ақпандағы № А-3/85 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 28.02.2019 № А-3/85 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жарқайың ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.М. Нұрмағамбетоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жарқайың ауданының әкімі М.Балпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының Ішкі істер
министрлігі Ақмола облысының Ішкі
істер департаменті Жарқайың ауданының
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а
А.О.Маекенов

      "01" 06 2018 жыл

  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2018 жылғы "01" 06
№ А-6/161 қаулысына
қосымша

Жарқайың ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

1-тарау. Көтермелеудің түрлері

      1. Жарқайың ауданы әкімінің алғыс хаты.

      2. Ақшалай сыйақы.

2-тарау. Көтермелеудің тәртібі

      3. Осы тәртіп Жарқайың ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастырудың мәселелерін реттейді.

      4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Жарқайың ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.

      5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Жарқайың ауданының ішкі істер бөлімі" (бұдан әрі – ІІБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізіледі.

      6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.

      9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Жарқайың ауданы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.

3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері

      10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен белгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады