РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Сейдахметоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Сүйіндіков |
Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "04" 01 № а-0/01 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны |
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға төлемінің мөлшері | |||
мемлекеттік |
жеке | мемлекеттік |
жеке | мемлекеттік |
жеке | ||
1 | Балабақша | 205 | 0 | 23 870,0 | 0 | 11 541,0 | 0 |
2 | Мектеп жанындағы толық күн қатынайтын шағынорталық | 85 | 0 | 23 082,0 | 0 | 11 541,0 | 0 |
3 | Мектеп жанындағы жарты күн қатынайтын шағынорталық | 140 | 0 | 11 541,0 | 0 | 0 | 0 |