Ақмола облысы Жақсы ауданы Чапай ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы Чапай ауылы әкімінің 2018 жылғы 25 шілдедегі № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 6 тамызда № 6760 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Чапай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданы Чапай ауылының көшелері қайта аталсын:

      Ленин көшесі Орталық көшесіне;

      Степная көшесі Жібек жолы көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Чапай ауылының әкімі В.Рақышева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады