Қорғалжын ауданының Қарашалғын ауылдық округі Жантеке ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қарашалғын ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 желтоқсанда № 6915 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 23 мамырдағы № 01-37/88 ұсынуы бойынша Қарашалғын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қорғалжын ауданы Қарашалғын ауылдық округі Жантеке ауылының аумағында ірі қара мал бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қарашалғын ауылдық округі әкімінің "Қорғалжын ауданының Қарашалғын ауылдық округі Жантеке ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2017 жылғы 10 қарашадағы № 2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6182 болып тіркелген, 2017 жылдың 28 қарашасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарашалғын ауылдық
округінің әкімі
Қ.Х.Жұмашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады