Бурабай ауданында 2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № а-11/463 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 қарашада № 6867 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Бурабай ауданында 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б. Нұрпановаға жүктелсiн.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бурабай ауданының
әкімі
Қ.Қарауылов

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 қарашадағы
№ а-11/463 қаулысына
1 қосымша

Бурабай ауданында 2019 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері
(%)

1

"Фирма "Дом отдыха Кокшетау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

57

1,7

2

"Оқжетпес" емдеу-сауықтыру кешені" акционерлік қоғамы

231

0,4

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 қарашадағы
№ а-11/463 қаулысына
2 қосымша

Бурабай ауданында 2019 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері
(%)

1

"АгроИнвест-2015" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

110

0,9

2

"Кайсар-Б" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

76

1,3

3

"Агрофирма "Веденовка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

120

0,8

4

"Кокшетау-Мельинвест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

95

1,1

  Бурабай ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 23 қарашадағы
№ а-11/463 қаулысына
3 қосымша

Бурабай ауданында 2019 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері
(%)

1

"Гефест" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

53

1,9

2

"Арқа Сәулет" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

58

1,7

3

"Есиль Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

240

0,4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады