Ақмола облысы Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округі Кенесары ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 17 қыркүйектегі № 4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қазанда № 6801 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.

      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Кенесары ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округі Кенесары ауылының көшелері қайта аталсын:

      1) Мир көшесі Жұмабек Тәшенев көшесіне;

      2) Школьная көшесі Мектеп көшесіне;

      3) Элеваторная көшесі Береке көшесіне;

      4) Победа көшесі Жеңіс көшесіне;

      5) Рабочая көшесі Еңбек көшесіне;

      6) Целинная көшесі Сарыарқа көшесіне;

      7) Садовая көшесі Достық көшесіне;

      8) Набережная көшесі Жағалау көшесіне;

      9) Желенодорожная көшесі Бірлік көшесіне;

      10) Первомайская көшесі Мамыр көшесіне;

      11) РЗД-19 Степная көшесі Жайлау көшесіне;

      12) РЗД-17 Железнодорожная көшесі Акжол көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кенесары ауылдық
округінің әкімі
А.Ахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады