Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 30.12.2019 № 532 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11356 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 324 "Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4541 тіркелген, 2015 жылғы 22 қазанда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерiс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Медициналық қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманына жолдайды.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарын қабылдау және оларды тіркеу, оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген кеңседе тіркелгені туралы белгі қою;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық есем фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша уәжделген жауап береді.
Нәтижесі - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшеріне (бұдан әрі - Келісуші мемлекеттік орган) келісу сұрауын жолдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі - мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
4) Келісуші мемлекеттік орган 10 (он) жұмыс күні ішінде сұрауды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманына өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес келмейтіні туралы жауап жолдайды.
Нәтижесі - медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісімін жүзеге асыру;
5) көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің емдеу бөлімі маманына келісу сұрауын жолдайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды.
Нәтижесі - сұрау жолдау немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі - мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
7) көрсетілетін қызметті берушінің емдеу бөлімі маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде сұрауды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманына өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес келмейтіні туралы жауап жолдау.
Нәтижесі - өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкес келетіні немесе сәйкес келмейтіні туралы жауап жолдайды;
8) көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманы 1 (бір) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты толтырады.
Нәтижесі - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты толтыру;
9) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде лицензияға және (немесе) лицензияға қосымшаға немес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманына жолдайды.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарын қабылдау және оларды тіркеу, оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген кеңседе тіркелгені туралы белгі қою;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды.
Нәтижесі - қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жіберу;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайта ресімделген лицензияға және (немесе) лицензия қосымшасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі - қайта ресімделген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру;
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын беру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманына жолдайды.
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттарын қабылдау және оларды тіркеу, оның көшірмесінде құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген кеңседе тіркелгені туралы белгі қою;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ішкі бақылау қызметі және лицензиялау бөлімінің маманы 2 (екі) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын дайындайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындайды.
Нәтижесі - лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жіберу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасына немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды.
Нәтижесі - лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.".
2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе облысының әкімі | Б. Сапарбаев |