Облыстық маслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 278 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 сәуірде № 5914 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 505-бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-бабының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына және 2-2 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 "Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 349 "Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларын, абаттандырудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4686 тіркелген, 2016 жылғы 29 және 30 қаңтарда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде тиісінше жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың Қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитарлық тазалау бойынша) жиынтығы;";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы көгалдандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      8-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау мынадай жұмыс түрлерін қамтиды:";

      10-тармақта "жұмыстары" сөзі "іс-шаралары" сөзімен ауыстырылсын;

      18-тармақта "жұмыстарды" сөзі "қызметтерді" сөзімен ауыстырылсын;

      Ақтөбе облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың Қағидаларында:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитарлық тазалау бойынша) жиынтығы;";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көзделген аумақтардағы абаттандыру жөніндегі барлық жұмыс түрлері бекітілген жобалар бойынша орындалады. Аталған жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9-тармақта "жұмыс" сөзі "қызмет" сөзімен ауыстырылсын;

      9-тармақтың 5) тармақшасы "жөндеу" сөзінің алдында "ағымдағы" сөзімен толықтырылсын;

      47-тармақ "құрылыс" сөзінің алдында "сәулет, қала құрылысы және" сөздерімен толықтырылсын;

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
А. ОРАЛМАҒАНБЕТОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады