Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 "Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 тамыздағы № 319 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 тамызда № 5945 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 17 шілдедегі № 143 "Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасы туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3621 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған), мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Ақтөбе облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидасының 1-тармағында, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 "Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы" қаулысының," сөздері алынып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың
сессия төрағасы
Ғ. ЛАТЫПОВ
      Облыстық мәслихаттың хатшысы С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады