Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе облысының Алға ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қауылының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алға ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 504 "Алға ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4696 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 01 ақпанда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Алға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Алға ауданының әдiлет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Т. Бисеновке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.С. Алдияров |
Келісілді: "Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекетік мекемесінің басшысы 30 мамыр 2018 ж. |
А. К. Османғалиев |
Алға ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 232 қаулысына қосымша |
Алға ауданы бойынша жалпы ортақ пайдаланатын аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының атаулары, индекстері мен тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 21.02.2024 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Автомобиль жолдары индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KD-AL-19 | Алға-Қарабұлақ | 40 |
2 | KD-AL-20 | "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" - Әскери бөлімше | 12,5 |
3 | KD-AL-21 | Алға-Самбай-"Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" - Әскери бөлімше | 39,3 |
4 | KD-AL-22 | Алға – Тоқмансай | 51,32 |
5 | KD-AL-23 | "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" - Амангелді- "Алға-Қарабұлақ" | 40,8 |
6 | KD-AL-24 | "Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық" – Тікқайын-Көктоғай- "Самара-Шымкент" | 22,1 |
7 | KD-AL-25 | "Есет Батыр Көкіұлы мемориалы" - Бесқоспа | 5 |
8 | KD-AL-26 | Үшқұдық – Қарақұдық | 8,5 |
9 | KD-AL-27 | Тамды ауылына кіреберіс | 0,83 |
10 | KD-AL-28 | Талдысай ауылына кіреберіс | 5,8 |
11 | KD-AL-29 | Еркінкүш ауылына кіреберіс | 5,185 |
12 | KD-AL-30 | Ақай ауылына кіреберіс | 13,815 |
13 | KD-AL-31 | Есет Батыр Көкіұлы мемориалына кіреберіс | 4,26 |
14 | KD-AL-32 | Жерұйық ауылына кіреберіс | 4,6 |
15 | KD-AL-33 | Болгарка ауылына кіреберіс | 1,6 |
16 | KD-AL-34 | Қарақұдық ауылына кіреберіс | 8,4 |
17 | KD-AL-35 | Қайындысай ауылына кіреберіс | 1 |
18 | KD-AL-36 | Маржанбұлақ ауылына кіреберіс | 0,66 |
19 | KD-AL-37 | Нұрбұлақ ауылына кіреберіс | 0,6 |
БАРЛЫҒЫ: | 266,27 |