Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 144 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Байғанин аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 27 наурызда № 3-4-160 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 53 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 14.09.2023 № 53 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Байғанин аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 214 "Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4821 санымен тіркелген, 2016 жылғы 1 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Байғанин ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      "1. Жалпы ережелер" тарауында:

      7 тармақта:

      "Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі" сөздері алынып тасталсын;

      "2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлеуметтік көмектің мөлшерлері" тарауында:

      8 тармақта:

      3) тармақшасында:

      "және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатындарға" сөздері алынып тасталсын;

      12 тармақта:

      7) тармақша алынып тасталсын.

      2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байғанин аудандық
мәслихатының сессия төрағасы
К. Табынбаева
      Байғанин аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Турлыбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды
үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы
К. Утаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады