Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 06.09.2024 № 197 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабына және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байғанин аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 83 "Базалық салық мөлшерлемелерін түзету туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-73 санымен тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қазақ тіліндегі шешімінің тақырыбындағы "салық мөлшерлемелерін" сөзі "салықтық мөлшерлемелерді" сөзімен;
шешімнің кіріспесі келесідей редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабына сәйкес, Байғанин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
1 тармақта "2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап" сөздері алынып тасталсын;
"жоғарлатылсын" сөзі "арттырылсын" сөзімен ауыстырылсын.
2. "Байғанин аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Байғанин аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін;
3) осы шешімді Байғанин аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байғанин аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
К. Табынбаева |
Байғанин аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Турлыбаев |