Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 13.12.2021 № 130 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 03.12.2019 № 399 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 03.12.2019 № 399 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).1. Темір ауданында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 03.12.2019 № 399 шешімімен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).2. Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 14 "Темір ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4901 тіркелген, 2016 жылғы 27 мамырда "Темір" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Темір аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы Темір аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. АБДЫҒАЛИБ. ІЗБАСОВ |