"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жансүгіров ауылдық округінің Көкөзек ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 наурыздағы қорытындысы негізінде, Ақсу ауданы Жансүгіров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жансүгіров ауылдық округінің Көкөзек ауылындағы "Көкөзек" көшесі "Нүсіпбек Дүйсекенов" көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Б. Шарипов |