"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 7-тармағына, 6-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Ақылбеков Қанат Ақылбековичке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ғ. Тоқпейісов |
Балқаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "19" ақпандағы № 23 қаулысына қосымша |
Балқаш ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолдарының индекстері | Автомобиль жолдарының атаулары |
Ұзақтығы |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | КВ-1 | Қапшағай-Бақанас-Қарой | |
Кіреберістері: | |||
Бақбақты ауылындағы асфальт-бетон зауытына | 1, 290 | ||
Қоскүмбез ауылына | 18,600 | ||
Құланбасы ауылына | 1,832 | ||
Бура ауылына | 2,947 | ||
2 | КВ-35 | Топар-Ақжар | |
Кіреберістері: | |||
Желторанғы ауылына | 1,750 | ||
Аралтөбе ауылына | 5, 030 | ||
Барлығы: | 31,449 |