"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Бейсембаев Талғат Муратовичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Б. Мустахметов |
Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы | С. Жұрын |
Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы "25" мамырдағы № 38-185 шешіміне қосымша |
Жамбыл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Жамбыл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 9 қарашадағы № 53-347 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3591 тіркелген, 2015 жылдың 25 желтоқсанында аудандық "Атамекен" газетінде жарияланған);
2. "Жамбыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 3-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3848 тіркелген, 2016 жылдың 28 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. "Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 3 қазандағы № 7-39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген, 2016 жылдың 14 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).