Жамбыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 3-17 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 26 мамырда № 3848 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 38-185 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 25.05.2018 № 38-185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міңдетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жамбыл ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заннамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық
мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. "Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі"мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша В.Новаковский) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының "Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнненбастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат сессиясының төрағасы К.Керімбаев
      Мәслихат хатшысы С.Жұрын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады