"Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы"

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 қазандағы № 7-39 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 9 қарашада № 3991 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 38-185 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 25.05.2018 № 38-185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсанындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы " Заңының 6 - бабы 1-тармағының 14), 15) тармақшаларына сәйкес Жамбыл ауданының маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 379, 381, 383-баптарында белгіленген, жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарлатылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комітеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Кірістер басқармасының басшысына (келісім бойынша) Құралбаев Қанат Сыбанбайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихатты интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының "Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы О.С. Тортаев
      Аудандық мәслихатының
      хатшысы С.М. Жұрын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады