Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 25.05.2018 № 38-185 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес қызметін Жамбыл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жамбыл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша) Құралбаев Қанат Сыбанбайұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының "Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және.
Мәслихат сессиясының төрағасы | Б.Такимов |
Мәслихаттың хатшысы | С.Жұрын |
Жамбыл аудандық мәслихатының 2015 "09" қарашадағы "Жамбыл аудыны бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" № 53-347 шешіміне қосымша |
Қызметін Жамбыл ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері
Рет. № | Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері (айлық есептік көрсеткіші) |
1 | 2 | 3 |
1. | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 4 |
2. | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 6 |
3. | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 2 |
4. | Ойын жолы | 30 |
5. | Карт | 5 |
6. | Бильярд үстелі | 9 |