Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 мамырдағы № 38-185 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 7 маусымда № 4738 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Бейсембаев Талғат Муратовичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы Б. Мустахметов
      Жамбыл аудандық мәслихатының хатшысы С. Жұрын

  Жамбыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы "25" мамырдағы № 38-185 шешіміне қосымша

Жамбыл аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жамбыл ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2015 жылғы 9 қарашадағы № 53-347 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3591 тіркелген, 2015 жылдың 25 желтоқсанында аудандық "Атамекен" газетінде жарияланған);

      2. "Жамбыл ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 3-17 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3848 тіркелген, 2016 жылдың 28 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3. "Жамбыл ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" 2016 жылғы 3 қазандағы № 7-39 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген, 2016 жылдың 14 желтоқсанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады