"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ават ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 маусымдағы қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ават ауылдық округінің Ават ауылындағы "Алматинская" көшесі "Алматы" көшесіне, "Пионерская" көшесі "Ұлан" көшесіне, "Космонавтов" көшесі "Байқоңыр" көшесіне, "Дружба" көшесі "Медеу" көшесіне, "Садовая" көшесі "Алмалы" көшесіне, "Победа" көшесі "Жеңіс" көшесіне, "Трудовая" көшесі "Айдарлы" көшесіне, "Ключевая" көшесі "Ақбұлақ" көшесіне, "Дормастер" көшесі "Сұңқар" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ават ауылдық округінің әкімі | А. Байтулаков |