"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ават ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ават ауылдық округінің Ават ауылындағы "Иссыкская" көшесі "Әлия Молдағұлова" көшесіне, "КСМК-3" көшесі "Атамекен" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ават ауылдық округінің әкімі | А. Байтулаков |