"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қырбалтабай ауылдық округі жанындағы жергілікті қоғамдастықтың пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылдың 26 қыркүйегіндегі қорытындысының негізінде, Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қырбалтабай ауылдық округінің Қырбалтабай ауылының шығысында орналасқан бірінші көшеге "Құмбел", екінші көшеге "Құрөзек", үшінші көшеге "Қадыр Мырза Әли", төртінші көшеге "Тұманбай Молдағалиев", бесінші көшеге "Қарасу", алтыншы көшеге "Ойжайлау", жетінші көшеге "Қарашеңгел", сегізінші көшеге "Үшбұлақ", тоғызыншы көшеге "Сарыжазық", оныншы көшеге "Төле би", он бірінші көшеге "Алтынемел", он екінші көшеге "Асы" атаулары берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қырбалтабай ауылдық округінің әкімі | А. С. Темешев |