Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді аудан әкімінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 30 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 27 желтоқсанда № 4980 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің 04.12.2020 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Ескелді ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Ескелді ауданы әкімінің "Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3520 тіркелген, 2015 жылдың 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Тулақбаев Болат Толымбековичке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Тәнекенов

  Ескелді ауданы әкімінің 2018 жылғы "19" желтоқсан "Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" № 30 шешіміне қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің 10.08.2020 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескелді ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері

      № 243 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Бақтыбай ауылы, Тұрар Рыскұлов көшесі № 36, "Ескелді ауданы әкімдігінің Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Бақтыбай ауылының, Астана, Л. Асанова, Шәкәрім, Қ. Рысқұлбеков, Жетісу Шұғылысы, Қ. Жапсарбаев, Әбілхайырхан № 1-29, Б. Ысқақов, О. Жандосов, К. Менисова, Д. Рақышов, Д. Нұрпейісова № 1-19, Сүйінбай № 1-64, Кенесары хан № 1-14, Тәуке хан № 1-25 және М. Мақатаев көшелерді қоспағанда.

      № 244 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Елтай ауылы, Жансенгіров көшесі № 30, "Ескелді ауданы әкімдігінің Сейфуллин атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын- орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Елтай ауылы және Бақтыбай ауылында Астана, Л. Асанова, Шәкәрім, Қ. Рысқұлбеков, Жетісу Шұғылысы, Қ. Жапсарбаев, Әбілхайырхан № 1-29, Б. Ысқақов, О. Жандосов, К. Менисова, Д. Рақышов, Д. Нұрпейісова № 1-19, Сүйінбай № 1-64, Кенесары хан № 1-14, Тәуке хан № 1-25 және М. Мақатаев көшелері.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады