Қаратал ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтардағы № 05 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 қаңтарда № 4507 болып тіркелді

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қаратал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Қаратал ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. "Қаратал ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға Қаратал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарға жолдауын;

      4) осы қаулыны Қаратал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Жанибек Шогалович Тасыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қаратал ауданының әкімі Р. Рақымбеков

 
  Қаратал ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қаңтар "Қаратал ауданындағы қоғамдық тәртіпке қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін және оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" № 05 қаулысына қосымша

Қаратал ауданындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қамтамасыз етуге қатысатын, Қаратал ауданының Ішкі істер басқармасының ұсынысы бойынша, Қаратал ауданының Әкімдігімен құрылған комиссия қарайды.

      3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерін, соның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін, көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отыра, әдетте 10 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, Комиссия белгілейді.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша Ішкі істер басқармасы бастығының бұйрығы шығарылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады