Кербұлақ аудандық мәслихатының "Кербұлақ ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 30-161 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 шілдедегі № 36-182 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 8 тамызда № 4778 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кербұлақ аудандық мәслихатының "Кербұлақ аудан бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 30-161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4652 тіркелген, 2018 жылдың 02 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Иманбаев Амангельды Турысбековичке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы М. Айнабеков
      Аудандық мәслихатының хатшысы Б. Рысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады