Шұбар ауылдық округінің Аралтөбе ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 24 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 9 қаңтарда № 4992 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шұбар ауылдық округінің Аралтөбе ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шұбар ауылдық округінің Аралтөбе ауылындағы "Пограничная" көшесі "Қайнарлы" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Қ. Сейтқожаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады