Жаркент қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 6-36-225 шешімі және Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 17 мамырдағы № 250 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 4 маусымда № 4736 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Жаркент қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаркент қаласының келесі көшелері:

      1) "С. Журавлев" көшесі "Азат Машуров" көшесіне;

      2) "С. Жмутский" көшесі "Серғазы Беспаев" көшесіне кайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі мен Панфилов аудан әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Панфилов аудандық мәслихатының "Білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік саясат, жастар ісі, спорт жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Панфилов аудандық мәслихатының шешімі және Панфилов ауданының әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Панфилов аудандық
      мәслихат сессиясының
      төрағасы М. Тұрлыбеков
      Панфилов ауданының әкімі Т. Бектасов
      Панфилов аудандық
      мәслихатының хатшысы Е. Шоқпаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады