Темірбек ауылдық округінің Тегістік және Сарыбарақ ауылдарындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Темірбек ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 20 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда № 4041 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылдың 8 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темірбек ауылдық округінің Тегістік ауылындағы Чапаев көшесі Талас көшесі болып өзгертілсін.

      2. Темірбек ауылдық округінің Сарыбарақ ауылындағы Чапаев бұрылысы Қаратау көшесі болып өзгертілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі Б.Адилов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады