РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына 27-бабына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жуалы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жуалы аудандық мәслихатының әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдарды құқығын қорғау жөніндегі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Е. Тлеубеков |
Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы № 27-8 шешіміне қосымша |
Жуалы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 қазандағы № 36-3 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2360 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қарашадағы "Жаңа өмір"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған);
2. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 қарашадағы № 47-17 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2847 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 желтоқсандағы "Жаңа өмір"-"Новая жизнь" газетінде жарияланған);
3. "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 12-6 шешімі. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3412 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 мамырдағы "Жаңа өмір"-"Новая жизнь" газетіндежарияланған).