"Жуалы аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26-11 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 30-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 1 тамызда № 3921 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Жуалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жуалы аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Жуалы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26-11 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2186 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 мамырдағы "Жаңа өмір" – "Новая жизнь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жуалы аудандық мәслихатының әкімшілік аумақтық құрылым, аумақты әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет және жергілікті салықтар мәселелері, адамдарды құқығын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Е. Тлеубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады