РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысы Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімідігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қордай ауданы әкімдігінің интернет - ресурстарында орналастырылуын;
2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. "Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулыры мен индекстерін бекіту туралы" Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 47 қаулысының (Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 10 наурызда № 2971 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 наурызда "Қордай Шамшырағы - Кордайский Маяк" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Орумбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Байтөле |
Жамбыл облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасының басшысы
____________________Б. Жәнібеков
"____" ____________2018 жыл
Қордай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы " " №____ қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
№ | Автомобиль жолдары | ||
Индекс | Атауы | Ұзақтығы (шақырым) | |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | КН-КR-1 | "Қаракемер-Керу" (0-18,1) | 18,1 |
2 | КН-КR-2 | "Қаракемер-Қарасай батыр-Еңбекші" (0-33,1) | 33,1 |
3 | КН-КR-3 | "Сортөбе-Ауқатты-Қызылсай" (0-15,3) | 15,3 |
4 | КН-КR-4 | "Өтеген-Бәйтерек" (0-8,55) | 8,55 |
5 | КН-КR-5 | "Отар-Гвардейск" (0-2) | 2 |
6 | КН-КR-6 | "Отар-Анырақай-Бел" (0-48,1) | 48,1 |
7 | КН-КR-7 | "Алға-Көгадыр" (0-9) | 9 |
8 | КН-КR-8 | "Ноғайбай-Сарыбастау" (0-2,8) | 2,8 |
9 | КН-КR-9 | "Бетқайнар-Соғанды" (0-26,7) | 26,7 |
10 | КН-КR-10 | "Қақпатас-Беріктас" (0-6) | 6 |
11 | КН-КR-11 | "Қордай-Шөміш" (0-4,2) | 4,2 |
12 | КН-КR-12 | "Қордай ауылына кіреберіс" (0-2,1) | 2,1 |
13 | КН-КR-13 | "Кенен ауылына кіреберіс" (0-2,37) | 2,37 |
14 | КН-КR-14 | "Ноғайбай ауылына кіреберіс" (0-11) | 11 |
15 | КН-КR-15 | "Ноғайбай-Шарбақты" (0-14,2) | 14,2 |
16 | КН-КR-16 | "Мұзбел ауылына кіреберіс" (0-2,3) | 2,3 |
17 | КН-КR-17 | "Жаңатұрмыс ауылына кіреберіс" (0-2,1) | 2,1 |
18 | КН-КR-18 | "Арал ауылына кіреберіс" (0-2,8) | 2,8 |
19 | КН-КR-19 | "Қалғұты ауылына кіреберіс" (0-1,3) | 1,3 |
20 | КН-КR-20 | "Күнбатыс 1 ауылына кіреберіс" (0-1,9) | 1,9 |
21 | КН-КR-21 | "Күнбатыс 2 ауылына кіреберіс" (0-1,9) | 1,9 |
Барлығы | 215,82 |