Андас батыр ауылдық округінің Андас батыр ауылы, Гранитогорск кенті және Шалдовар стансасындағы көшелердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Андас батыр ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 76 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 қантарда № 4090 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі, 2018 жылғы 4 қыркүйектегі, 2018 жылғы 8 қарашасындағы қорытындыларының негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Андас батыр ауылдық округі Андас батыр ауылы, Гранитогорск кенті және Шалдовар стансасы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      1) Андас батыр ауылы бойынша:

      Советский көшесін Даму көшесіне;

      Жуков көшесін Ажарлы көшесіне;

      Школьный көшесін Дарын көшесіне;

      Зеленый көшесін Көкжиек көшесіне;

      Киров көшесін Ынтымақ көшесіне;

      Новая көшесін Береке көшесіне;

      Ленин көшесін Мәңгілік Ел көшесіне;

      Центральный бұрылысын Сұлусай көшесіне;

      Больничный бұрылысын Жайсаң көшесіне;

      Ленин бұрылысын Өжет көшесіне;

      Советский бұрылысын Айжантас көшесіне;

      30 лет Победы көшесін Жеңіс көшесіне.

      2) Гранитогорск кенті бойынша:

      Подгорный көшесін Тау бөктері көшесіне;

      70 лет Октября көшесін Бірлік көшесіне;

      60 лет Октября көшесін Наурыз көшесіне.

      3) Шалдовар стансасы бойынша:

      Свеклопункт көшесін Өркен көшесіне;

      Почтовая көшесін Асар көшесіне;

      Стрелочная көшесін Сұлутөр көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Андас батыр ауылдық округі әкімінің орынбасары А. Рахимовке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Андас батыр ауылдық округінің әкімі Б. Мажиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады