Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 10/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 4 мамырда № 4745 болып тіркелді. Күші жойылды – Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 2019 жылғы 12 қыркүйектегі № 29/01 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Жезқазған қаласының әкімдігінің 12.09.2019 № 29/01 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайыз мөлшерінде;

      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жалпы санының бір пайыз мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары З.Д. Акилбековаға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жезқазған қаласының әкімі Б. Ахметов

  Жезқазған қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "17" сәуірдегі
№ 10/01
қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Жезқазған қаласы ұйымдарының тізімі

Мекеменің аты-жөні

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (% қызметкерлердің тізімдік санының)

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін жұмыс орындар саны

1

"Акниет", "Уміт" пәтер иелерінің кооперативі

48

1

1

2

"Баян" компаниясы жауакершілігі шектеулі серіктестігі

42

1

1

3

"Құрылыс" жеке кәсіпкері

78

1

1

4

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жезқазған қаласының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

115

1

1

5

Қалалық автожолдар басқармасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

144

1

1

6

"Жылумен, сумен жабдықтау кәсіпорыны" акционерліқ қоғамы

720

1

7

  Жезқазған қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "17" сәуірдегі
№ 10/01
қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындары квотасы белгіленетін Жезқазған қаласы ұйымдарының тізімі

Мекеменің аты-жөні

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (% қызметкерлердің тізімдік санының)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін

1

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "Жезқазған қаласының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

115

1

1

2

"Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы" акционерлік қоғамы

290

1

3

3

Қалалық автожолдар басқармасы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

144

1

1

4

"Баян" компаниясы жауакершілігі шектеулі серіктестігі

42

1

1

5

"KazMysKurylys" жауакершілігі шектеулі серіктестігі

60

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады