Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихаттың хатшысы | С. Медебаев |
Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/216 шешіміне қосымша |
Жезқазған қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі № 24/283 "Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздарын және салық салу мақсаттары үшін Жезқазған қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-2-116 тіркелген, 2010 жылғы 6 тамыздағы № 57 (7674) "Сарыарқа" газетінде, 2010 жылғы 6 тамыздағы № 52 (222) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған).
2. Жезқазған қалалық мәслихатының 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 34/415 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-2-148 тіркелген, 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 3 (7753) "Сарыарқа" газетінде, 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 2 (298) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған).
3. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 ақпандағы № 40/362 "Жезқазған қаласы жерлері бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3679 тіркелген, 2016 жылғы 15 наурыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 18 наурыздағы № 12 (7972) "Сарыарқа" газетінде, 2016 жылғы 18 наурыздағы № 12 (114) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған).
4. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы № 2/22 "Жезқазған қаласы аумағында салық салу объектісінің бірлігінен алынатын тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3829 тіркелген, 2016 жылғы 16 маусымдағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 17 маусымдағы № 25 (7985) "Сарыарқа" газетінде, 2016 жылғы 17 маусымдағы № 25 (127) "Жезказганский вестник" жарияланған).