Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 22.05.2018 № 23/216 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 386 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкалары ұлғайтылсын:
1 санат - жер үстіндегі жабық түрдегі автотұрақтар, ашық түрдегі автотұрақтар. Ставка 10 есе ұлғайтылады;
2 санат - басқа мақсаттағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас салынған автотұрақтар. Ставка 9 есе ұлғайтылады;
3 санат - ғимараттардың астындағы, жер астындағы, жертөлелердегі, шығыңқы ірге немесе төменгі жер үсті қабаттарда орналасқан автотұрақтар. Ставка 8 есе ұлғайтылады.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жезқазған қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
қалалық мәслихат хатшысының | |
міндетін атқарушы | Ярмак Н.И. |
КЕЛІСІЛДІ: | |
"Жезқазған қаласы бойынша | |
салық басқармасы" мемлекеттік | |
мекемесінің бастығы | Нұрпейісов А.Ж. |
6.12.2011 жыл