"Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жер учаскесiне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2018 жылғы 29 қарашадағы № 50/1 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5055 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "САРЫ-АРҚА" магистральдық газ құбырының "Теміртау" автоматтандырылған газ бөлу станциясынан Теміртау қаласының газ бөлу желілерін салу үшін жалпы ауданы 130,1712 га жер учаскесiне, меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан, қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Теміртау қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Оспанұлы Спабековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ. Әшімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады