Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына, 2017 жылғы 14 желтоқсандағы Абай аудандық мәслихатының 23 сессиясының шешіміне сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері белгіленсін:
1) №200 "Абай қаласы – Қарабас кенті" - 90 (Тоқсан) теңге;
2) № 208 "Абай қаласы – Көксу ауылы" - 135 (Жүз отыз бес) теңге;
3) № 209 "Абай қаласы – Жаңа Қараган кенті" - 40 (Қырық) теңге;
4) № 211 "Абай қаласы – Южный кенті (Топар ақылы)" - 150 (Жүз елу) теңге;
2. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |
КЕЛІСІЛДІ:
Абай аудандық мәслихатының хатшысы |
Б. Цай |
"22" қаңтар 2018 жыл