Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 05/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 22 ақпанда № 4618 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 10 қаңтардағы № 01/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 10.01.2019 № 01/01 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) Бұқар жырау ауданында қылмыстық - атқару жүйесінің пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1% мөлшерінде 1 қосымшаға сәйкес;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының тізімдік санының 1% мөлшерінде 2 қосымшаға сәйкес.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Арман Шалиевич Дардаковқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ш.Мамалинов

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 05/01 қаулысына
1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

№р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квоталанған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Шатан" шаруашылық қожалығы

24

1

2

Бұқар жырау ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Ботақара су қожылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

33

1

  Бұқар жырау ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 6 ақпандағы
№ 05/01 қаулысына
2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

№р/с

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квоталанған жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Шатан" шаруашылық қожалығы

24

1

2

Бұқар жырау ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізу құқығындағы) "Ботақара су қожылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

33

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады