Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 27.01.2020 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына сәйкес және аудандық сайлау комиссиясымен келісе отырып аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұқар жырау ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Бұқар жырау ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Алия Елубаевна Шайкеноваға жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ш. Мамалинов |
Аудан әкімінің | |
2018 жылғы 6 желтоқсандағы | |
№ 2 шешіміне | |
1 қосымша |
Бұқар жырау ауданының аумағындағы сайлау учаскелері
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімінің 13.05.2019 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аудан әкімінің | |
2018 жылғы 6 желтоқсандағы | |
№ 2 шешіміне | |
2 қосымша |
Бұқар жырау ауданы әкімінің кейбір күші жойылды деп танылған шешімдерінің тізбесі
1. Бұқар жырау ауданы әкімінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 5 "Бұқар жырау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 3536 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 желтоқсанда № 49 (1135) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 15 желтоқсанда жарияланған);
2. Бұқар жырау ауданы әкімінің 2017 жылғы 10 қаңтардағы № 3-ш "Аудан әкімінің 2015 жылғы 5 қарашадағы № 5 "Бұқар жырау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4138 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 ақпандағы №7 (1197) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 22 ақпанында жарияланған);
3. Бұқар жырау ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 6-ш "Аудан әкімінің 2015 жылғы 5 қарашадағы №5 "Бұқар жырау ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 4347 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 қыркүйекте №37 (1227) "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылдың 18 қыркүйекте жарияланған).