Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Нұра ауданы бойынша 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Д. Тұраровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н. Омарханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Нұра ауданының білім беру бөлімі" |
мемлекеттік мекемесінің басшысы |
С.А. Мұқанова |
"05" наурыз 2018 жыл
Аудан әкімдігінің 2018 жылғы "05" наурыздағы № 08/01 қаулысына қосымша |
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата - ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдардағы ата-аналардың бір айға ақы төлеу мөлшері (теңге) | Бір тәрбиеленушіге бір айға жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
мемлекеттік | мемлекеттік | мемлекеттік | ||
1 | Балабақша | 241 |
3 жасқа дейін 9200 | 27809 |
2 | Мектепке дейінгі шағын орталық | 255 | 3 жастан 6 жасқа дейін 6600 | 10831 |