Родников ауылдық округіндегі Родниковское ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Родников ауылдық округінің әкімінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 01 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қарашада № 5001 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақтан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 9 тамыздағы облыстық ономастикалық комиссиясының қортындысы негізінде, Родников ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы Родников ауылдық округі Родниковское ауылындағы көшелер келесідей болып қайта аталсын:

      1) 40 лет Октября көшесі Ынтымақ көшесіне;

      2) Комсомольская көшесі Сарыарқа көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешімнің алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Б. Ибраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады