"Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 121-бабы 4-тармағына, "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына, осы баптың 5-тармағына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақсуат" компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Ақсуат" компрессор стансасының күзет аймағындағы жерді пайдалану режимі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. "Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі және Қазалы ауданының әкімдігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысының әкімі | Қ. Көшербаев |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 1186 қаулысына 1-қосымша |
"Ақсуат" компрессор стансасы аумағы шекарасынан барлық жаққа жүз метрге кейін қалатын күзет аймағының шекарасы
№ | Аудан атауы | "Ақсуат" компрессор стансасының күзет аймағы шекарасының көлемі, гектар | Оның ішінде: | |
жайылымы | басқа алқаптары | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазалы ауданы | 39,64 | 28,14 | 11,50 |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 1 тамыздағы № 1186 қаулысына 2-қосымша |