"Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы № 232 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 тамызда № 6416 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйектегі № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық мәслихатының 07.09.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Заңының 24-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы № 89 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5748 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылғы 11 наурызында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 18 наурызында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 22 сессиясының төрағасы
Р. Байназарова
      Қызылорда облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
Р. Искакова

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2018 жылғы "08" тамыздағы
№ 232 шешіміне қосымша
  Қызылорда облыстық мәслихатының
2017 жылғы "15" ақпандағы
№ 89 шешімімен бекітілген

Қызылорда облысы бойынша іске асырылуы жоспарланатын жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі

      1. Қызылорда қаласында "Тарлан" дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету (2017 – 2020 жылдарға).

      2. Қызылорда қаласы Исатай Тайманов көшесінде ауысымына 400 қабылдауға арналған емхананы ашу (2017-2023 жылдарға).

      3. Қызылорда қаласы "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2017-2027 жылдарға).

      4. Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).

      5. Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).

      6. Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2020 жылдарға).

      7. Шиелі ауданы Ақмая ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2018-2027 жылдарға).

      8. Шиелі ауданы Алғабас ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу (2018-2027 жылдарға).

      9. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде "Таң бөбегі" 90 орындық балабақшаны ашу (2018-2022 жылдарға).

      10. Шиелі ауданы Шиелі кентінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша шағын үйін ашу.

      11. Қармақшы ауданы Ақтөбе ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      12. Жалағаш ауданы Ақсу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      13. Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      14. Жаңақорған ауданы Бірлік ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      15. Қызылорда қаласы Қараөзек ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      16. Қызылорда қаласы Белкөл ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      17. Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы (2018-2021 жылдарға).

      18. Қызылорда қаласындағы "Әли Мүслімов атындағы №101 мектеп-лицейі" мемлекеттік мекемесіндегі бу қазандығын қайта жаңғырту және сервистік қызмет көрсету (2018-2021 жылдарға).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады