Қызылорда облысы бойынша коммуналдық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге арналған (2018 – 2020 жылдарға) концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы № 231 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 тамызда № 6418 болып тіркелді

      "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 24) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Қызылорда облысы бойынша коммуналдық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге (2018–2020 жылдарға) арналған концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының
кезектен тыс 22 сессиясының төрағасы
Р. Байназарова
      Қызылорда облыстық мәслихаты
хатшысының міндетін атқарушы
Р. Искакова

  Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы "08" тамыздағы № 231 шешімімен бекітілген

Қызылорда облысы бойынша коммуналдық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге (2018 – 2020 жылдарға) концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесі

Атауы

1

2

1. Реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi

2. Құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер

1.

Қызылорда қаласы СПМК-70 ауданында "Құрылыс және коммуналдық шаруашылық" бағыты бойынша 200 орынға арналған жатақханасы бар 600 орынға арналған колледж


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады