“2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы №18 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 73 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 26 сәуірде № 6270 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және “Құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “2018 жылы өткізілетін бірыңғай мемлекеттік сатып алулардың кейбір мәселелері туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 18 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6163 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және 2018 жылғы 17 ақпанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакция жазылсын:

      “1. Аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы болып “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі айқындалсын.”.

      3-тармақ мынадай редакция жазылсын:

      “3. “Жалағаш ауданының мемлекеттік сатып алу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.”.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Қ. Сәрсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады